Пәтер сатып алу көрсеткіші екі есе төмендеді

10 Наурыз 2023, 15:31 1061

2023 жылдың ақпанында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 24 118 мәміле жасалды, бұл былтырғы тиісті айымен салыстырғанда шамамен 2 есе (48,2%-ға) азайған, ол кезде 46 577 мәміле ресімделген болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Теріс көрсеткіш еліміздің барлық аймағында тіркелді. Төмендеудің ең үлкен көрсеткіші Қарағанды облысында (-69,3%) байқалды. 

2023 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда ақпанда ең көп өсім Шығыс Қазақстан (26,1%), Ақмола (15,5%) және Жамбыл облыстарында (15,4%) тіркелді. Мәмілелер саны бойынша көш басында тұрғанына қарамастан, бір айдағы ең үлкен төмендеу Алматы қаласында (-24,4%), сонымен қатар, Жетісу (-13,3%) және Ұлытау (-7%) облыстарында болды.

2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 2,6%-ға (471 мәмілеге) азайған. Ақпан айында пәтерлер бойынша барлығы 17 944 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 74,4%-ы. Бөлмелер саны бойынша ақпанда 1 бөлмелі 6 935 пәтер ресімделді. Алып-сатудың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына (55%) тиесілі.

2023 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны, керісінше, 5%-ға (295 мәмілеге) өсіп, 6 174-ті құрады. Сандық мәнде ең үлкен өсім Түркістан облысында (+88 мәміле), ең үлкен төмендеу Қарағанды облысында (-42 мәміле) байқалды.

2023 жылдың ақпанында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда шамамен 2 есе (48,2%-ға) азайған, ол кезде 46 577 мәміле ресімделген болатын. Төмендеудің ең үлкен көрсеткіші Қарағанды облысында (-69,3%) байқалды. Сонымен қатар, теріс көрсеткіш еліміздің барлық аймағында тіркелді. 2023ж. Биылғы қаңтар-ақпан айларындағы мәмілелер санының 2022жылдың тиісті айларымен салыстырғанда да төмендеу динамикасы орын алған – -39,4%.

EL.KZ
Бөлісу: