Партия өкілдері сайлаушылармен кездесті

2 Наурыз 2023, 15:42 1686

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері сайлауалды науқан аясындағы кездесулерін Түркістан өңірінде жалғастырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Абдукамал Ашимбеков жергілікті Кентау трансформатор зауыты ұжымымен кездесті.

«AMANAT» партиясы Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Атырау облысына келді. Олар Мақат ауданының Доссор кентінде мұнай саласының еңбек ардагерлерімен және қоғам өкілдерімен кездесті. Мұнайшылардың, геологтардың, бұрғылаушылардың, инженерлердің, технологтардың, басқа да мамандардың жемісі жұмыс істеуінің арқасында сала отандық экономиканың локомотивіне және Қазақстан халқының әл-ауқатының берік іргетасына айналды.

Respublica партиясы сайлауалды турын жалғастыруда, дәл қазір бір мезгілде Қазақстанның екі аймағында – Қостанай және Ақтөбе облыстарында сайлаушылармен кездесулер өтіп жатыр.

Атап айтқанда, біздің ұжым «МИЛХ» ЖШС-нен сапалы сүт шығаратын кәсіпорынға, «СарыарқаАвтоПром» автомобиль құрастыру кәсіпорнына және «Баян-Сұлу» ЖШС кондитерлік фабрикасына барды. Партия өкілдерімен кездесуге  осы кәсіпорындардың 300-ге жуық қызметкері қатысты.

 «Қазақстанның әрбір азаматы дауыс беруге құқылы, және мұны назардан тыс қалдыруға болмайды! Дауыс беру күні біз тек сайлау учаскесіне барып қана қоймай, жаңа саяси күштің қалыптасуына және өзгерістер үдерісінің іске қосылуына ықпал етеміз», - деп атап өтті Шүкіжанова.

 

EL.KZ
Бөлісу: