01.03.2023
14:09
1263
Партия өкілдері арасында өтетін пікірсайысқа кімдер қатысады

Партия өкілдері арасында өтетін пікірсайысқа кімдер қатысады

«Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінде партия өкілдері арасында пікірсайыс өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Пікірсайысқа сайлауға түсетін 7 партия өкілі қатысады: 

  • «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев,
  • «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев, 
  • «Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау, 
  • Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков,
  • «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев,
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсембинов,
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев. 

Тікелей эфир уақыты: бүгін  20:30-да. Пікірсайыс «Qazaqstan» телеарнасының You Tube, Facebook және Telrgram-арналары арқылы да тікелей трансляцияланады.