19.05.2025
10:47
1283
Паром апатқа ұшырап, 37 адам қаза тапты

Паром апатқа ұшырап, 37 адам қаза тапты

Нигерияның оңтүстік-батысындағы Нигер өзенінде болған қайғылы оқиға салдарынан кемінде 37 адам мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдай паром апатынан кейін орын алған.

Бұл туралы The Cable ақпараттық порталы мәлімдеді.

Апат Квара штатына қарасты Гбаджигбо елді мекенінің маңында болған. Алдын ала деректер бойынша, паром шамадан тыс жүктелу салдарынан суға батқан.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқару және іздестіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.