20.01.2026
17:16
820
Парламенттің жаңа атауы, вице-президент, референдум: Тоқаев Ұлттық құрылтайда не айтты

Парламенттің жаңа атауы, вице-президент, референдум: Тоқаев Ұлттық құрылтайда не айтты

20 қаңтар күні Қызылордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтті. Жиында елдің жаңаша дамуына арналған бірқатар маңызды мәселе талқыланды. Парламентке жаңа атау беру, бірпалаталы парламент құру жайы, конститутциялық реформа туралы айтылды.

Парламенттік реформа

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз ауқымды саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Алдағы парламенттік реформа осы өзгерістердің өзегі болатыны анық. Президенттің мәлімдеуінше, Жұмыс тобының үш отырысы өтіп, негізгі ұсыныстар түзілген. Осылайша, Қасым-Жомарт Кемелұлы бірпалаталы парламент атауын Құрылтай деп өзгертуді ұсынды. Сондай-ақ хабарлады. Ал күйінде қалады.

Негізгі мақсатымыз – тиімді әрі кәсіби Парламент құру. Жұмыс тобы азаматтардың ұсынысын зерделеп, Парламенттің мандат саны 145 болуы керек деген байламға келді. Жаңа Парламентте Төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Ал комитет саны 8-ден аспауы керек. Депутаттар енді пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады. Бірақ аймақта мажоритарлы жүйені сақтап қалу керек деп ойлаймын,  – деді Президент.

  • Парламенттегі Президент пен Қазақстан халқы ассамблеясының арнайы квотосы болмайды;
  • партиялардың Парламентке өту межесі – бес пайыз;
  • Парламент депутаттары бес жылға сайланады;
  • Заң қабылдау үш кезеңнен тұрады;
  • Ата заңның бірқатар бабы өзгереді;
  • Конститутциялық комиссия құрылып, құрамына 100-ден астам азамат кіреді.
Ақорда

Халық кеңесі құрылады

Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай тарап, осы екі құрылымның міндетін атқаратын Халық кеңесі құрылады. Оған елдегі барлық ұлт, аймақ және топ атынан өкіл ретінде 126 адам мүше болады. Жоғары консультациялық органға этномәдени бірлестіктерден, мәслихаттардан және жергілікті қоғамдық кеңестерден 42 адамнан тағайындалады. Кеңесті толықтай президент жасақтайды, ал төрағаны кеңес мүшелері сайлайды.

Вице-президент

Сондай-ақ мемлекеттік кеңесші қызметі жойылып, вице-президент лауазымы пайда болады. Оны парламенттің келісімімен президент тағайындайды.

Ұсынылып отырған жоба бойынша вице-президент:

  • халықаралық форумдарда ел атынан өкіл болады;
  • Халықаралық делегациялармен келіссөз жүргізеді;
  • Парламентте президент атынан өкіл болады;
  • Отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдармен жұмыс істейді;
  • Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайды.

Экономика өсті

  • Құрылтайда халық санының, былтыр экономиканың 6,5 пайызға өскені сөз болды;
  • Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жақындады;
  • Еліміздің ішкі жалпы өнімі 300 миллиард доллардан асқан;
  • Жан басына шаққандағы ІШӨ 15 мың долларға жеткен (бұл Орта Азия аймағы бойынша рекорд көрсеткіш);
  • Халық саны 20,5 миллионға жуықтады;
  • Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті;
  • Ұлттық қордағы валюта активтері 5 млрд долларға ұлғайды.
Ақорда

Арал құтқару – баршаға міндет

Президент Арал теңізі мәселесіне тоқтала келе, жылдар бойы жүргізілген жұмыстың арқасында Солтүстік Аралды құтқарып қалғанымызды атап өтті. Оның айтуынша, қазір Көкарал бөгетін биіктету шарасы қолға алынғанын, жоба жыл соңында басталады. Демек, кіші Аралдағы су көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік болады. Сондай-ақ мемлекет басшысы сәуірде Астанада Халықаралық экологиялық саммит өтетінін, жиында Аралды құтқару қорына мүше мемлекет басшыларымен Арал мәселесін талқылайтынын айтты.

Еліміздегі ірі өзеннің дені бастауын көрші мемлекеттерден алады. Демек, көп түйткілдің шешімі су саласындағы шебер дипломатияға байланысты. Қазір Орталық Азия елдерінің бәрімен су ресурсын бірлесе пайдалану туралы келісімдер жасалады. Түптеп келгенде, Арал ғана емес, Каспийдің, балқаштың, Ертістің тағдырын шешу үшін көршілермен мәмілеге келіп, келісімге қол қоюымыз қажет, – деді Қасым-Жомарт  Тоқаев .

Ұлттық құрылдайдың әсері:

  • Отырыста айтылған ұсыныстар бойынша 26 заң қабылданды;
  • Әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету күшейді;
  • Лудоманияға қарсы белсенді күрес басталды;
  • Ономастика саласында жұмыс жүйеленді;
  • Еңбек адамдарының мәртебесі көтерілді;
  • Мемлекеттің ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді;