"Парижден жағымды жаңалық". Қазақстан Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болды

23 Қараша 2023, 09:45 1192

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Парижден жағымды жаңалық жетті. ЮНЕСКО Бас конференциясы жұмысының соңғы күні Қазақстан 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды. Құрамына 21 мемлекет кіретін Дүниежүзілік мұралар комитеті ─ ЮНЕСКО-ның аса маңызды әрі беделді басқарушы органы. Бұл Комитеттің нысандарды Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге және алып тастауға  айрықша құқығы бар, - деп жазды Ерлан Қарин.

Қазақстанның кандидатурасын 118 мемлекет қолдады. 

Еліміздің Дүниежүзілік мұралар комитетіне мүше болып сайлануы бірегей мәдени және табиғи мұраларамызды сақтауға қатысты белсенді жұмысымызды халықаралық қауымдастықтың мойындайтынын көрсетеді. Сондай-ақ бұған дейін ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кеңсесіне Орталық Азия мемлекеттерінен бөлек Ауғанстан, Пәкістан және Иран мемлекеттерін қамтитын Көпсекторлы аймақтық кеңсе (Бюро) мәртебесін беру туралы шешім қабылданған болатын, - деп толықтырды Мемлекеттік кеңесші.

Айта кетейік, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Бердібек Соқпақпаев пен Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетінін айтқан еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: