Парижде Құдай Ана соборының мұнаралары қайта ашылды

Парижде Құдай Ана соборының мұнаралары қайта ашылды

Франция президенті Эммануэль Макрон жұма күні Париж Құдай Ана соборының екі ортағасырлық мұнарасын қайтадан халыққа ашты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл 2019 жылғы жойқын өрттен кейін жүргізілген ауқымды қайта қалпына келтіру жұмыстарының соңғы кезеңдерінің бірі болып отыр. 

Күні де арнайы таңдалып, билік өкілдері демалыс күндері жұртшылықтың қайтадан 424 баспалдақпен көтеріліп, Париждің ғажайып көрінісін тамашалауына мүмкіндік беруді көздеді. 

2019 жылдың сәуірінде болған өрт собордың шатырын және готикалық мұнарасын қатты зақымдаған еді. Қалпына келтіру жұмыстарына шамамен 846 миллион еуро жиналып, оған 2000-ға жуық адам жұмылдырылды.

Жобаны президент Макрон өзі бақылап отырды. Ол өрт болған күні-ақ қасиетті нысан оның президенттік мерзімі аяқталғанға дейін қайтадан қалпына келтіріліп, халыққа ашылатынын уәде еткен болатын.

Собор 2024 жылғы 7 желтоқсанда ресми түрде қайта ашылды. Салтанатты рәсімге Дональд Трамп, ханзада Уильям және Владимир Зеленский сынды танымал саясаткерлер мен жұлдыздар қатысқан.