Парижде қазақстандық екі төреші теннистен төрелік етеді

20 Шілде, 16:07 1052

Париж Олимпиадасының төрешілер құрамына теннистен Қазақстаннан Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко енді, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Меруерт Кәукеева пен Юлия Игнатченко – күміс белгісі бар халықаралық дәрежедегі мінбедегі төрешілер. 

Қос төреші үшін бұл екінші Олимпиада болмақ. Олар осыған дейін 2021 жылы Токиода төрелік еткені белгілі.

Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын жекелей сында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик пен Александр Шевченко қорғайды. Сондай-ақ жұптық сында Бублик пен Александр Недовесов өнер көрсетеді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: