Парижде Паралимпиаданың ашылу салтанаты басталды

28 Тамыз, 23:12 380

Парижде Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты рәсім Париждің жүрегі саналатын әйгілі Champs-Élysées бульвары мен Place de la Concorde алаңында өтіп жатыр. Бұл орындар Францияның тарихы мен мәдениетінің символы ретінде, Паралимпиада ойындарына қатысушыларды және қонақтарды қарсы алуға арнайы таңдалған. Ал Франция төрінде туымызды волейболды отырып ойнау спортынан ұлттық құрама мүшесі Берік Ізмағанбетов пен пара оқ атудан Севда Алиева алып шығады.

Париж Паралимпиада ойындарын алғаш рет қабылдап отыр.

Бұл сынға әлемнің түкпір-түкпірінен 167-ге жуық мемлекет қатысуда. Осы елдерден шамамен 4400-дей спортшы бақ сынасып, өзара кім мықтыны анықтайтын болады. Оның ішінде Қазақстан атынан 44 спортшы бар.

Олимпиадалық нысандардың басым бөлігі Паралимпиада ойындары үшін де қолданысқа беріледі. Қазақстан ұлттық құрамасы жазғы ойындарда 9 спорт түрінен 9 нысан бойынша өнер көрсетеді. Жарыс алаңдары спортшылардың мүмкіндігіне қарай паралимпиадалық қалашыққа жақын орналасқан. Тек пара оқ ату мемлекет астанасынан тыс жерде 2 сағаттық жолды қамтитын, Шотару қаласында өтеді. Атап айтсақ:

29, 30, 31 тамыз - Пара таэквондо - Grand Palais,

29, 31, 2, 5, 6 қыркүйек - Волейболды отырып ойнау - North Paris Arena

30, 31, 4, 5 қыркүйек - Пара жеңіл атлетика - Stade de France

31, 1, 4, қыркүйек - Пара оқ ату - Chateauroux Shooting Centre

1, 3, 4, 5, 6 қыркүйек - Пара жүзу - Paris La Defense Arena

1, 2, 4, 6,7 қыркүйек - Пара үстел теннисі - Suth Paris Arena

5, 7 қыркүйек - Пара паэурлифтинг -Porte de La Chapelle Arena

5,6, 7 қыркүйек - Пара дзюдо Champ - de Mars Arena

6, 7 қыркүйек - Пара каноэ Vaires-sur- Marne-Nautical Stadium.

Зарина Арман
Бөлісу: