Париж олимпиадасының чемпионы АЭС туралы ойын айтты

9 Қазан, 13:06 5508

Елімізде 6 қараша АЭС салу бойынша референдум өтті. Дауыс  беруге 7 миллион 820 мың 204 қазақстандық яғни, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Өз таңдауын жасағандардың арасында спортшылар да болды. Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов еліміз үшін маңызды күнде барып таңдауын жасаған. Чемпионның сөзінше, АЭС салу мәселесі барша қазақ елі үшін ең маңызды таңдаулардың бірі болды дейді.

Барша қазақ елі үшін ең маңызды таңдаулардың бірі. Өйткені бұл қазақстанның болашағы үшін. Сондықтан да егер пайдасын тигізіп жатса, салынғаны дұрыс шығар деп ойлаймын. Еліміздің болашағы халықтың қолында. Мен де осы халықтың арасындағы адаммын. Қарапайым халықпын. Сондықтан өз таңдауынды жасау дұрыс шешім деп ойлаймын.  Ел болашағы үшін, еліміздің дамуы үшін елімізге пайдасын тигізетін дүниелер үшін әр қазақтың баласы, әр қазақ халқы, өзінің дұрыс таңдауын жасады деп ойлаймын,- деді Елдос Сметов.

Айта кетейік, референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды  немесе 71,12% құрады.  Осылайша, референдум өтті деп саналады және ол оң шешімге ие болды.

Ал күні кеше үкіметте өткен брифингте премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр референдумнан кейін АЭС құрылысы қашан басталатынын айтты.

Бір жылдай техникалық-экономикалық негіздеме жасайды. Сосын бір-бір жарым жыл жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді. Бұл - ең қысқа мерзім. Сосын құрылыс жұмыстары басталады, - деді Скляр.

Диана Орынбасар
Бөлісу: