Париж олимпиадасында Қазақстанның ту ұстаушылары анықталды

4 Шілде, 10:53 787

Парижде Олимпиадасының салтанатында Қазақстанның туын кімдер алып шығатыны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Азат Имашевтің айтуынша, бұл міндет боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафроноваға табысталған.

Шымбергенов – бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны, әлем чемпионы (2023 жыл) және Азия чемпионы (2022 жыл). Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысады. 

Сафронова өз кезегінде Азия чемпионатында (2017) және Азия ойындарында (2014) жеңіске жетті. 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарында бақ сынаған. 

Айта кетейік, Париж олимпиадасы 26 шілде күні басталады. Қазақстан еншісінде 25 спорт түрінен 88 лицензия бар. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: