26.07.2024
00:13
1118
Париж Олимпиадасында боксшыларымыздың алғашқы қарсыластары белгілі болды

Париж Олимпиадасында боксшыларымыздың алғашқы қарсыластары белгілі болды

Париж Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі өтті. Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ерлер

51 келі. 17 боксшы 

1/8 финал

Сәкен Бибосынов - Самет Гумуш (2024 жылғы Еуропа чемпионы) 

Ширек финалда Рио Олимпиадасының  чемпионы Хасанбай Дусматовпен (Өзбекстан) жолығуы мүмкін. 

57 келі. 17 боксшы 

1/8 финал

Махмұд Сабырхан - Хосе Гуелес Бротонс (2023 жылғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері) 

Ширек финалда әлем чемпионы Абдумалик Халоковпен (Өзбекстан) жұдырықтасуы мүмкін. 

63,5 келі. 22 қатысушы 

1/16 финал

Мұхамедсабыр Базарбайұлы - Ойер Ибарче 

1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы Тайпей өкілі Лай Чу Енмен кездеседі.

71 келі. 20 қатысушы

1/16 финал

Асланбек Шымбергенов - Зейад Ишаиш (2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері) 

1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы әлем чемпионы Севон Оказавамен (Жапония) жолығады. 

80 келі. 18 қатысушы 

1/8 финал 

Нұрбек Оралбай - Каллум Петерс

92 келі. 16 қатысушы

1/8 финал

Айбек Оралбай - Олейтен Олаор 

Ширек финалда 2 дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Ла Круз (Куба) немесе әлем чемпионы Альфонсо Домингезбен (Әзербайжан) жолығуы мүмкін. 

+92 келі. 16 қатысушы 

1/8 финал

Қамшыбек Қоңқабаев - Аюб Джадфа (2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) 


Әйелдер

50 келі. 22 боксшы

1/16 финал

Назым Қызайбай - Джиордана Соррентино (2022 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері) 

1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы 2023 жылғы Пан Американ ойындарының чемпионы Каролин Де Алмейдамен жұдырық түйістіреді. 

57 келі. 22 боксшы 

1/8 финал

Карина Ибрагимова - Лозада Мотта Ашлейан (Пуэрто-Рико) 

75 келі. 16 боксшы 

1/8 финал

Валентина Хальзова - Азейна Билон (2015 жылғы әлем чемпионы).