Париж Олимпиадасына баруға дайынмын - Данияр Елеусінов

24 Желтоқсан 2023, 19:02 2532

Бокстан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов Париж Олимпиадасына қатысу жағын қарастырып көретінін айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі BasSport.kz сілтеме жасап.

Мен дайын өнім екенімді барлықтарыңыз білесіздер. Жөні түзу промоутерлік компания мен жақсы команда болатын болса талай асуларды алуға болады… Қазақтың соңғы олимпиада чемпионы бола тұра маған көбісі сенбейді.Сынайды. Мүмкін өзімнен де бар шығар. Бірақ қателеспейтін менде болмайды. Менің проблемамды Ресейдің адамдары жауып тастауға дайын еді.Белгілі бір мөлшерде төлегісі келген. Алайда бұрынғы командамның сұранысы одан жоғарырақ болды. Енді оған қарамай рингке оралудың амалын іздеп барлық жағын қарастырып жүрмін, -дейді Данияр Елеусінов.

Ол жанкүйерлер тарапынан Олимпиадаға барып, жаңа тарихты жазбайсың ба деп айтатын пікірлердің көп екенін айтып қалды. Өйткені қазақтан әлі күнген екі дүркін Олимпиада чемпионы шықпаған.

Менің жауабым:Маған жағдай істеп, ресми шақырып жатырсыз ба? Әлде жай сөз бе? ?!Нақты іс жоқ.Сондықтан мен өз ісімнің маманымын. Флойд Мейвезер сияқты әрбір қарсыластың кілтін таба аламын. Мықты болсын,дрова болсын ыңғайсыз әр қайсысы өзінің мықтылығын көрсеткісі келеді. Сондықтан пікірлеріңізді жаза отырыңыз.Мені қай жақта көргілеріңіз келеді?!Қазақстан тарихында екі дүркін Олимпиада чемпион ретінде?!Әлде GGG сияқты әлемдік брендке айналған спортшы ретінде?!Әрбір пікірді тыңдап,талдап шығамын, - дейді боксшы.
Берік Арманов
Бөлісу: