Париж олимпиадасына арналған киім үлгісінің жеңімпаздары анықталды

18 Сәуір, 15:36 7661

Қазақстан ұлттық құрамасының Париж Олимпиадасына арналған киім үлгілеріне конкурс аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, комиссия мүшелері 3 номинацияда екі жеңімпазды анықтаған: «Спорттық форма» номинациясы – Health&Sport ЖК; «Салтанатты спорттық форма» - «Эксклюзив студио» ЖШС; «Ту ұстаушылардың спорттық формасы» - «Эксклюзив студио» ЖШС.

Бірінші кезеңде 15 қатысушы жұмыс материалдарын 15 сәуірге дейін жіберген болатын. Екінші кезеңде 16-17 сәуір күндері ұсынылған жұмыс материалдарын арнайы комиссия қарады. Ұсынылған материалдарда қоғам тарапынан айтылған сындар ескерілді. Спорттық киімдердің сапасы талапқа сай жоғары, - делінген мәліметте.

Жұмыс тобының қатарында 18 адамнан құралған Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, белгілі спортшыларымыз бен БАҚ қызметкерлері болды. Бұл құрамда Елдос Сметов, Азамат Дәулетбеков, Жәмилә Бақбергенова, Ольга Рыпакова, Абиба Әбужақынова, Анна Алябьева, Нұрбек Оралбай, Нұрсұлтан Тұрсынов сынды спортшылар да бар.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: