12.08.2024
10:22
1478
Париж Олимпиадасы: АҚШ медальдық есепте бірінші болды

Париж Олимпиадасы: АҚШ медальдық есепте бірінші болды

2024 жылғы Парижде өткен Олимпиада ойындарында АҚШ құрамасы жүлделер саны бойынша медальдық есепте бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ құрамасы 127 медаль (40 алтын, 44 күміс, 43 қола) жеңіп алды. Қытай спортшылары 91 медаль (40 алтын, 27 күміс, 24 қола) еншілелі. Жапония 45 медальмен (20 алтын, 12 күміс, 13 қола) үшінші орынға жайғасты.

Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және үш қола жүлдеге қолжеткізіп, медальдық есепте 43-орынға тұрақтады.