Париж-2024: Сәкен Бибосынов ширек финалда жеңіліс тапты

3 Тамыз, 00:44 1039

Боксшы Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ширек финалда қазақ боксшысы төрешілер шешімімен өзбекстандық спортшы Хасанбой Дусматовқа есе жіберді. 

Айта кетсек, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы сапынан бір ғана жартылай финалист шықты. Ол - 80 келі салмақтағы  Нұрбек Оралбай. 

Қазақ боксшысы жартылай финалда Кристиан Хавьер Пиналеспен (Доминикан) күш сынасады. Жекпе-жек 4 тамызда өтеді.

Зарина Арман
Бөлісу: