Париж-2024: қазақстандықтар қай спортшыларға жанкүйер болады

10 Тамыз, 05:40 568

Париж Олимпиадасының бүгінгі жарыс күнінде (10 тамыз) төрт жерлесіміз спорттың 4 түрінен сынға түседі (қазіргі бессайыс, еркін күрес, брейкинг, велотрек), деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еркін күрес

 14:00

Әлішер Ерғали (97 кг) іріктеуде бозкілемге шығады.

Қазіргі бессайыс

16:30

Елена Потапенко жеке сынның жартылай финалына қатысады.

Брейкинг

19:35

Бұл күні брейкингте Олимпиада жүлдесі сарапқа салынады. Спорттың бұл түрінен ел намысын Әмір Зәкіров қорғайды.

Велотрек

20:19

Андрей Чугай кейрин бағдарламасы бойынша бірінші кезеңде өнер көрсетеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: