Париж-2024: қазақстандық мерген жарысты аяқтады

3 Тамыз, 19:41 595

Париж Олимпиадасында стенд атудан (скит) ерлер арасындағы іріктеу сыны аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы іріктеу сынында қазақстандық Эдуард Ещенко 27-орын алды.

Екінші іріктеу айналымында Ещенко бір сатыға жоғарылап, 115 ұпаймен 26-орын алды.

Өкінішке қарай, финалға өту мүмкін болмады. Жарыстың ақтық кезеңіне алғашқы алтылыққа енген спортшылар жолдама алды.

Перизат Саденова
Бөлісу: