Париж-2024: Қазақстан медаль кестесінде қай сатыға жайғасты

28 Шілде, 02:32 2635

Дзюдошы Елдос Сметов чемпион атанған соң Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстанның медаль кестесінде қай сатыға жайғасқаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір ұлттық құрама еншісінде бір алтын мен бір қола медаль бар. Екінші орынды Бельгия (1-0-1) және Жпония (1-0-1) құрамаларымен бөлісіп тұр.

Бірінші орын Қытайдың еншісінде, Аспанасты елінің өкілдері бүгін екі алтын медаль иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін нысана көздеуден аралас командалық сында қола жүлдеге қол жеткіздік.

Перизат Саденова
Бөлісу: