Париж-2024: Назым Қызайбай ширек финалға шықты

1 Тамыз, 19:00 768

Бокстан Ұлттық құрама спортшысы Назым Қызайбай  (50 кг) Париж Олимпиадасының 1/8 айналымында Каролайн Барбоза де Алмейданы (Бразилия)  айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төрешілер есебі: 5-0.

Қазақ қызы енді ширек финалда Колумбия боксшысымен кездеседі.

Айта кетейік, Назым Қызайбай әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштіктен көрінген. Одан өзге отандасымыз - Азия чемпионы. Ол Париж Олимпиадасының 1/8 айналымында тізе бүктірген Каролайн Барбоза - былтыр Панамерика ойындарының жеңімпазы.

Перизат Саденова
Бөлісу: