Париж-2024: Данияр Шамшаев Олимпиаданы алғашқы кезеңнен аяқтады

29 Шілде, 14:50 482

Қазақстандық балуан Данияр Шамшаев Париж олимпиадасында алғашқы белдесуінде жеңілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

73 келіде белдескен отандасымыз алғашқы айналымда өзбек балуаны Муроджон Юлдошевпен белдесіп, үш «шидомен» жеңіліс тапты. Осылайша, Шамшаев олимпиаданы аяқтады.

Айта кетейік, Данияр Шамшаев Үлкен дулыға турнирлерінің жүлдегері, әлемдік рейтингіде 19-орында тұрған. Ал оның қарсыласы Юлдошев – 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, IJF рейтингінде жетінші орында келеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: