Париж Олимпиадасында қазақстандық боксшы Айбек Оралбай алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Қазақ спортшысы Олетен Олаорены (Нигерия) айқын басымдықпен тізе бүктірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алғашқы раунда біздің боксшы қарсыласын бір есеңгіретіп алды.
92 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Айбек Оралбайдың ширек фиалдағы қарсыласы әзірге белгісіз.