Париж-2024: Әлішер Ерғалидің алғашқы қарсыласы белгілі болды

10 Тамыз, 01:20 609

Қазақстандық балуан Әлішер Ерғалидің Париж Олимпиадасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еркін күрестен ұлттық құрама палуаны (97 келі) Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде Мұстафа Әл-Елсайед Элдерспен (Мысыр) күш сынасады.

Осы жұптың жеңгені әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Ахмед Тажудинов (Бахрейн) немесе Әмір Әли Азарпирамен (Иран) күреседі.

Әлішер үшін бұл - екінші Олимпиада.

Перизат Саденова
Бөлісу: