Париж-2024: Абиба Әбужақынова жүлдесіз қалды

27 Шілде, 21:06 722

Париж олимпиадасында дзюдодан әйелдер арасында 48 келіде Абиба Әбужақынова Париж олимпиадасында жүлдесіз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол үшінші орын үшін өткен матчта швециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.

27 жастағы Абиба бұған дейін әлем чемпионатында екі рет қола, Азия ойындарында күміс жүлде иеленген.

Дәл осы салмақта Рио-2016 олимпиадасында Қазақстан атынан жарысқа қатысқан моңғолиялық Галбадрах Отгонцэцэг қола жүлде алған еді.

Перизат Саденова
Бөлісу: