«Паразиттер» фильмінің жұлдызы өлі табылды

27 Желтоқсан 2023, 14:51 1669

«Паразиттер» фильмінің жұлдызы Ли Сон Гюн Сеулде өлі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Yonhap басылымының мәліметінше, 48 жастағы актердің денесі қаладағы орталық саябақтардың бірінде көліктен табылған. Алдын ала болжам бойынша, Ли Сон Гюн өз-өзін өлтірген.

Бұған дейін полиция актерге қатысты тергеу бастағаны айтылған. Ол есірткі қабылдады деген күдікке ілінген болатын.

Ли Сон Гюн өзін мәжбүрлеп есірткі қабылдатқанын алға тартқан. Оның сараптамасы теріс нәтиже берген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: