Параволейболдан ел құрамасы Парижге жолдама алды

6 Шілде 2023, 19:20 815

Параволейболдан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының финалына шығып, Париждегі паралимпиадаға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті.

Бүгін, 6 шілдеде отырып ойнайтын волейболдан Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Қытай командасын 3:2 есебімен жеңіп, келесі жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алды, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Құрлық біріншілігінің финалдық ойыны 8 шілде күні сағат 16.30-да өтеді. Қазақстан құрамасы Ираннан келген волейболшыларға қарсы алтын медаль мен Азия чемпионы атағы үшін өнер көрсетеді. Кездесу Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. 

Естеріңізге сала кетейін, соңғы рет параволейболдан Қазақстан құрамасы 1996 жылы Паралимпиада ойындарында өнер көрсеткен болатын. Парижде өтетін ойындарға жолдаманы Азия құрлығының 7 үздік ерлер командасы сарапқа салды.

Берік Арманов
Бөлісу: