Паралимпия ойындары-2024: екінші жарыс күнінің нәтижесі

31 Тамыз, 10:35 550

Парижде жазғы Паралимпиада ойындарының екінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Бұл күні екі спортшымыз бақ сынады.

Пара жеңіл атлетикадан Салтанат Әбілқасымқызы Т35 санатында 100 метрге жүгіруде 16.52 уақыт көрсеткішімен мәреге тоғызыншы болып жетті.

Пара таэквондодан Камила Досмалова қола жүлде үшін өткен кездесуде бразилиялық Силвана Майара Кардозо Фернандестен 28:3 есебімен жеңіліп қалды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: