Қазақстандық спортшы Нышан Өмірәлі Паралимпиада ойындарының ширек финалында АҚШ спортшысына есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Пара таеквондодан К44 +80 кг санатында Нышан Өмірәлі АҚШ спортшысы Эван Медельмен жекпе-жек өткізді. Тартысты кездесуде отандасымыз 13:3 есебімен жеңілді.
Нышан Өмірәлінің келесі жекпе-жегі Астана уақыты бойынша сағат 20:53-те өтеді.
Спортшы қола медальға таласу мүмкіндігі үшін жұбаныш кезеңінде бақ сынайды.