31.08.2024
01:11
1055
Паралимпиада-2024: қазақстандық паратаеквондошы бесінші орын алды

Паралимпиада-2024: қазақстандық паратаеквондошы бесінші орын алды

Паратаеквондошы Камила Досмалова Паралимпиада ойындарын бесінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

К44 класында 57 келіге дейінгі салмақта қола үшін тартыста Камила Досмалова Силване Майаре Кардозо Фернандеске 28:3 есебімен жеңіліп қалды.

Бұған дейін, ширек финалда Камила сербиялық спортшы Мария Мицевке 20:8 есебімен есе жіберген болатын. Дегенмен жұбаныш жекпе-жегінде ол Фиджи өкілі Ирен Марды 12:6 есебімен жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.