Паралимпиада-2024: қазақстандық дзюдошы жартылай финалға өтті

7 Қыркүйек, 13:49 404

Қазақстандық пара дзюдошы Париж Паралимпиадасының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ширек финалда Жұрқамырза Шүкірбеков (J2 санаты) бразилиялық қарсыласы Сержио Фернандеспен кездесіп, иппонмен жеңіске жетті. Енді жартылай финалда Жұрқамырза Грузиядан келген Реваз Чикоидземен күш сынасады.

Өкінішке қарай, алғашқы раундтар Ғалымжан Смағұлұлы, Бауыржан Арыстанбеков, Ерлан Өтепов және Зарина Раифова үшін сәтсіз аяқталды.

J2 санатында 90 кг дейінгі салмақта Ғалымжан Смағұлұлы грузин спортшысына иппонмен есе жіберді. J1 санатында 90 кг дейінгі салмақта Бауыржан Арыстанбеков ирандық дзюдошымен кездесіп, иппонмен жеңіліп қалды. J1 санатында +90 кг салмақта Ерлан Өтепов бразилиялық спортшымен күресіп, иппонмен ұтылды. Әйелдер арасында J2 санатында +70 кг салмақта өнер көрсеткен Зарина Раифова Қытайлық қарсыласына есе жіберді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: