Паралимпиада-2024: Ерғали Шамей алтынға таласады

6 Қыркүйек, 16:47 373

Париж Паралимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Пара дзюдоның J1 санаты бойынша 73 келідегі Ерғали Шамей жартылай финалдық кездесуде Германия спортшысы Ленарт Сассты 10:1 есебімен жеңіп, финалға шықты. Бұл отандық дзюдошылардың екінші медалі. 5 қыркүйекте Ақмарал Науатбек алтын медаль жеңіп алды.

Финалдық белдесулер Астана уақытымен 19:00-ге жоспарланған.

Бұған дейін пара жүзуден Зүлфия Ғабидуллина финалға өткені туралы жазғанбыз.

Жалпы, Шамейдің жүлдесін қосқанда Қазақстанда алты медаль бар.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: