03.09.2024
09:20
822
Паралимпиада-2024: бүгін кімдерден медаль күтеміз?

Паралимпиада-2024: бүгін кімдерден медаль күтеміз?

Бүгін Парижде өтіп жатқан ойындарда Қазақстан құрамасының екі өкілі жарыс жолына шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Париждегі Паралимпиада ойындарында қазақстандықтар бүгін пара жүзуден сайысқа түседі.

Пара жүзу

13:21 – Сиязбек Дәлиев (финал 21:27)

14-04 – Нұрдәулет Жұмағали (финал 22:37)

Айта кетейік, Қазақстан құрамасында әзірге бір күміс медаль бар. Оны винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов жеңіп алды.