08.05.2025
21:10
910
Парадқа қатысқан әскери техникалар тұрақты орнына жеткізілуде

Парадқа қатысқан әскери техникалар тұрақты орнына жеткізілуде

Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысқан жеке құрам мен әскери техникалар тұрақты орналасқан жеріне жоспарлы түрде жеткізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, тасымалдау теміржол көлігімен де, өз жүрісімен де жүзеге асырылады. Іс-шаралар 14 мамырда аяқталады деп жоспарланып отыр.

Ведомство әскери техниканың қозғалысына байланысты азаматтарды жалған ақпарат таратудан аулақ болуға және тек ресми дереккөздеріне сенуге шақырады.