Пара пауэрлифтинг: қазақстандық спортшы Парижде 6-орын алды

5 Қыркүйек, 07:25 5907

Тұрсынай Қабыл Паралимпиада ойындарын 6-орынмен аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

45 кг салмақ дәрежесінде пара пауэрлифтингте сынға түскен Тұрсынай Қабыл Париж Паралимпиада ойындарында 95 келі нәтижесімен алтыншы орынға тұрақтады. Жарыстың алтын медалін 123 келі салмақты еңсерген Қытай спортшысы Гуо Линглинг жеңіп алды, бұл жаңа әлем рекорды болып табылады. Күміс медальді 109 келіні бағындырған Ұлыбритания спортшысы Зои Ньюсон еншілесе, ал қола медаль 108 келі нәтижесімен Түркия спортшысы Муратлы Назмиеге бұйырды.

Осылайша, Тұрсынай Паралимпиада ойындарында жарыс жолын аяқтады.

Зарина Арман
Бөлісу: