СІМ өкілі Айбек Смадияров берген ақпаратқа сәйкес, Газа секторында Қазақстанның 25-ге жуық азаматы бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл негізінен палестиналықтарға үйленген әйелдер. Хабарламаларға сүйенсек, қазіргі уақытта кейбір отбасылар қауіпсіз орын іздеу қамымен жүр. Байланыс жағынан проблема бар, біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, - деді өкіл.
Айта кетейік, 7 қазан күні Газа секторы Израильге зымыран ұшырған еді. Сонымен қатар, Газа секторынан Израильдің шекаралас аудандарына зымыран шабуылы аясында террористер кірген.