ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан Республикасына заңсыз өтпекші болған Пәкістан Ислам Республикасының 9 азаматын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оларды Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚКД және Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы өтпек болғанда ұстады.
Ұсталғандарға қатысты құзырлы орган сотқа дейінгі тергеуді бастады.