31.07.2023
14:02
1428
Пәкістанда жарылыстан 88 адам қаза тапты

Пәкістанда жарылыстан 88 адам қаза тапты

Пәкістанда жарылыстан 88 адам қаза тапты. Жараланғандар саны 200-ге жуықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарылғыш затты жанкешті-лаңкес іске қосқан. Шабуыл исламдық партияның сайлауалды митингі кезінде болды.

Оқи отырыңыз:

Ол шараға негізінен 500-дей адам жиналған. Қауіпсіздік күштері қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны көбеюі мүмкін екенін ескертіп отыр.

Оқиға болған жер қоршауға алынды. Шабуылды әзірге ешқандай топ мойнына алған жоқ.