Пәкістанда су тасқынынан екі күнде 35 адам қаза тапты

2 Тамыз, 12:45 481

Пәкістандағы су тасқыны екі күнде 35 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті билік Хайбер-Пахтунхва провинциясында нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны аймақтағы үйлер мен көпірлерге қатты зақым келтіргенін хабарлады. 

Сонымен қатар, штаттың әртүрлі аймақтарында нөсер жаңбыр салдарынан болған оқыс оқиғалардан 15 адам зардап шекті.

Пәкістанның метеорологиялық департаменті 2-6 тамыз аралығында елде қатты жаңбыр жауып, су тасқыны болатынын ескертті.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: