Пәкістанда діни лидерлердің жаһандық бейбітшілікке жетудегі рөлі талқыланды

23 Мамыр 2023, 12:21 862

Қазақстанның Пәкістандағы елшілігі Н.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығымен, сондай-ақ Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институтымен бірлесіп гибридті форматта «Жаһандық бейбітшілік пен орнықты әлеуметтік және экономикалық дамуға қол жеткізудегі діни лидерлердің рөлі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырып, оның аясында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII cъезінің негізгі месседждері және оның қорытынды декларациясы талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР СІМ мәліметінше, іс-шараға Қазақстан, Пәкістан, Әзербайжан, Түркия, Иран сарапшы топтарының өкілдері, зерттеуші ғалымдар, теологтар, сондай-ақ Пәкістан басшылығы қатарындағы шенеуніктер – Ислам идеологиясы жөніндегі кеңестің төрағасы Кибла Айаз, христиан, сикх, бахаи және т.б. конфессиялар қатарындағы рухани мекемелердің қайраткерлері қатысты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері cъезі Хатшылығының мүшесі бола отырып, профессор Мухаммад Зия Ул Хак дөңгелек үстелге қатысушыларды халықаралық форумның жұмысымен таныстырып, Хатшылықтың қызметіне қатысу тәжірибесімен бөлісті. Профессор қазақстандық бастаманың өзектілігін, маңыздылығын және уақытылылығын атап өтіп, Пәкістан тарапы осы форумды одан әрі қолдайтынына сендірді. Осы ретте ол пәкістандық сарапшылар мен ПИР шенеуніктерінің қоғамдық даму моделін құрудағы Қазақстанның тәжірибесін жан-жақты зерделеу қажеттілігі туралы пікір білдірді. Сонымен қатар, олар мұндай іс-шаралар Қазақстан тарапымен бірлесіп Ислам Республикасының түрлі өңірлерінде тұрақты негізде өткізілетінін атап өтті.

Өзінің құттықтау сөзінде Н. Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының басшысы Болат Сәрсенбаев VII съездің маңыздылығын ерекше атап өтті. Осы орайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ мерзімді тұрақтылықты іздеуде рухани биліктің күш-жігерін біріктіру үшін діннің бітімгершілік әлеуетін дұрыс пайдаланудың маңыздылығын атап өткеніне назар аударылды.

Дөңгелек үстел барысында баяндамашылар әртүрлі конфессиялар арасында тұрақты диалог орнатудың өзектілігін ерекше атап өтті, олардың көріну кезеңінде қарама-қайшылықтардың туындауын болдырмау, сондай-ақ бұрыннан бар қайшылықтарды шешу мақсатында әртүрлі діни конфессиялар арасында сындарлы қатынастар құру қажеттілігін атап өтті.

Осы тұрғыда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру жөніндегі қазақстандық бастаманың маңыздылығы болып жатқан оқиғалар аясында съезд тәжірибесін одан әрі кеңейтіп, оған көбірек қатысушыларды тарта отырып, одан әрі тарату қажет.

Өз тарапынан, Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Кистафин қатысқандардың барлығына белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, Исламабад қаласындағы қазақстандық дипломатиялық миссия екіжақты форматта да, өңіраралық өзара іс-қимыл шеңберінде де бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған дінаралық диалогты одан әрі ілгерілететініне сендірді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: