Пәкістан премьер-министрі Қазақстанға келді

3 Шілде, 14:35 330

Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі Шахбаз Шариф Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Елорда әуежайында Шахбаз Шарифті Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Қазақстан мен Пәкістан ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және гуманитарлық ынтымақтастығын дамытуда. IT-индустрия және қаржы саласы да перспективалы бағыттар болып саналады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: