«Өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырады»: алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

5 Сәуір, 13:40 479

Соңғы уақытта өздерін ҰҚК қызметкерлері ретінде таныстырып хабарласатын телефон алаяқтары көбейіп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар әдеттегідей қаржылық операциялар жүргізу арқылы ақшаны заңсыз иеленуді көздейді.

ҰҚК қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау шеңберінде азаматтарға кредит ресімдеуді, ақша қаражатын аударуды және өзге де қаржы операцияларын жасауды ұсынуға өкілеттігі жоқ екенін хабарлаймыз, - делінген мәліметте.

ҰҚК күмән тудыратын телефон қоңыраулары мен хабарламалар, тіпті әлеуметтік желілер арқылы келіп түссе де, полиция органдарына жүгінуді ұсынады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: