Топ мүшелерінің бірі Б.К.Абдикеримов соттың санкциясымен қамауға алынды. Тағы бір қатысушы М.Ж.Тұрановтың "Халықаралық полиция орталығының" генерал-майоры куәлігі тәркіленді.
"Қазір қылмыстық іс бойынша кешенді жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр. Аталған тұлғалардың басқа да қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексеріледі", - делінген хабарламада.
Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.
19 қарашада Бақтияр Байсейітовке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қаржысын жымқырды деген айып тағылып, іздеу жарияланған еді.