"Өзімнің дауысымнан өзім шок болдым". Гүлнұр Оразымбетова болған жағдайды түсіндірді

20 Сәуір 2023, 21:33 7078

Астанада өтіп жатқан әйелдер арасындағы шахмат турнирдің жабылу салтанатында ұятқа қалған әнші Гүлнұр Оразымбетова болған оқиғаға қатысты ойын бөлісті , деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кеш жарық, менің даусымнан шок болып ұйықтай алмай жатқан, менің тыңдармандарым, оқырмандарым, қалдарыңыз қалай? Өзімнің дауысымнан өзім шок болдым десем болады. Жарайды, ондай мүмкіндікті жасап берген, азаматтар, жарайсыздар, сіздерге респект. Сол ең бастысы мен сіздермен біргемін, сіздер менімен біргесіздер. Бұл алдағы уақытта үлкен концерттерге жолдама деп ойлаймын. Күтіңіздер, жанды дауыста жақсы жобаларды күтіңіздер. Бәрі күшті болсын, - деді Гүлнұр Оразымбетова.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Айта кетейік, "Көке өрле" атты әнін шырқаған Гүлнұр Оразымбетованың тынысы жетпей, әнді орындау барысында қысылып қалған болатын.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: