«Өзімді әлі кешірмеймін»: Медеу Арынбаев марқұм әйелін ренжіткен кезін еске алды

4 Желтоқсан 2023, 12:55 3049

Әнші Медеу Арынбаев «Динамен дұрыс» бағдарламасында марқұм әйелін есіне алып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Сұхбат барысында әйелін ренжіткен кезін еске алды.

Өліміне не себеп болғанын өзіміз де түсінбей қалдық. Өзіміз де шок болдық. Қан қысымы төмен еді. 2010 жылы желтоқсанның басы болатын. Өзімді әлі кешірмеймін. Студиядан мәз болып, үйге қарным ашып келсем, ештеңе дайын емес. Сол кезде эмоцияға салып, дөрекі сөйлеп, айқайлап қойғаным бар шығар. Сөйтсем жұмыстан келгені сол екен. Жұмысыңды тастап, балаларға уақытылы тамағын берсеңші дедім, – дейді өнер иесі.  

Сол кезде көзіне жас алған әйелін құшақтап, басу айтыпты.

Студияға барып, сегізде үйге келсем, екі балам абыр-сабыр. Айтуларынша, мамалары үйде ас дайындап жатып, еңкейіп қалады, сол кезде басы айналып құлапты. Жетелеп барып төсекке жатқызып, қарасам, қатты жан айқайы басталып жатқаны есімде. Жедел жәрдем келді. Таңертең қоңырау шалып едім, ала қойды. Соңғы сөзі «Балалар қалай?» деп сұрады. Бес күннен кейін ісіне бастады, алтыншы күні дүние салды, – дейді әнші.

Медеу Арынбаев «әйелімнің аманаты – балаларымның амандығы» дейді сұхбатта.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: