Өзгермесең ажырас. Жазира Байырбекова күйзеліске түскені туралы ашық айтты

5 Шілде 2023, 10:17 12564

Әнші Жазира Байырбекова «Төртеу түгел» бағдарламасында күйеуі Жанболат екеуінің арасында болған дағдарыс кезеңі туралы айтты, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.

Бізде де бір дағдарыс болды. Ондай жағдай әр отбасында кездеседі. Жанболаттың бір сөзінен кейін күйзеліске түсіп кеттім. Ешқандай айқай-шу, ұрыс-керіс болған жоқ. Сонда менің жан дүнием: «Жазира, өзгер. Өзгермесең ажырас» деп сөйледі. Ал санам «Бәрі дұрыс қой. Не болды сонша?» деп ішкі дауысыммен арпалысқа түсті, - дейді Жазира Байырбекова.

Ол алдында екі таңдау болғанын айтты.

Не ажырасамын, не өзгеремін. Жанболатқа келіп: «Мен өзгеремін. Мұнда сенің ешқандай кінәң жоқ. Мен сенің алдыңда не айтсаң соны істеп, сенің рұқсатыңсыз ешқайда шықпай, өзімді тек жұмысқа арналған әйел сияқты ұстаппын» дедім. Біз жұмыстан қолымыз босай сала, отбасымызға, туған-туыстарымызға қарайласамыз. Мен қыдырмаймын. Әлеуметтік желіде әдемі болып көрінгеніммен, жұмыста жүремін, - дейді әнші.

Сондай-ақ ол күйеуі екеуінің қызығушылықтары да тым бөлек, көзқарастарының да бір-біріне ұқсамай жататыныны айтып қалды. 

Жанболат таза ауамен демалып, тауға барғанды ұнатпайды. Ал мен солай демалғанды жақсы көремін. Жанболат жер үйде, егін егіп, тал егіп, иттерге қарап жүргенді жаны сүйеді. Мен үшін қораның ішінде жүре берген демалыс емес. Сол сияқты кейде екеуіміздің қызығышулықтарымыз екі түрлі боп кетеді, – деді Жазира Байырбекова.

Алмас Абылай
Бөлісу: