29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖетісу облысындағы Көксу өзенінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам достарының көзінше өзеннің арғы бетіне тартылған темір арқан арқылы өтпек болған. Жағаға 4-5 метр қалғанда қолы шаршап, аяғын суға түсіріп, ағыс бойымен тербеле бастаған. Біраз уақыт сол қалыпта тұрған соң арқан үзіліп кетіп, ер адам суға құлап түседі. Ол бірнеше мәрте су астына кеткен, артынша ізін ағыс алып кеткен. Бұл сәтті видеоға түсіріп тұрған досы құтқарушыларға хабарлаған.
Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жоғалған азамат 1989 жылы туған.
Іздестіру жұмыстары 11 мамыр күні таңғы 06:30-да басталды. Оған ТЖД, орман шаруашылығы, жергілікті билік өкілдері, полиция, әскери полиция және Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері тартылған.
Жалпы 98 адам, 22 техника, оның ішінде қайықтар, дрондар мен спутниктік құрылғылар жұмылдырылды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек