10 желтоқсан күні кешке Алтай ауданында, Быково ауылынан 7 шақырым жерде марал шаруашылығының 9 қызметкері Бұқтырма өзені арқылы "Урал" жүк көлігімен үйге бет алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алайда, өзенінде пайда болған бұжыр мұз оларға соқпақ жолдан өтуге мүмкіндік бермеді. Саяхатшылар өзеннің ортасындағы аралда қалып койды. Олар құтқарушыларды көмекке шақырды.
ШҚО ТЖД қызметкерлері адамдардың "қамалған" орнына келіп, жүзу құралдарының көмегімен 9 ер адамды жағаға шығарып, оларды жылы "Кунг" көлігіне отырғызды. Содан кейін олар ең жақын жердегі Быково ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес еді, содан кейін олар өз бетінше үйлеріне қайтты.
Түнгі құтқару операциясына жеке құрамның 12 адамы, 3 бірлік техника және 2 жүзу құралы қатысты.
ШҚО ТЖД құтқарушылары қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады. Қолайсыз ауа-райында және тәуліктің қараңғы уақытында жетуі қиын жерге бармаңыз.
Қала сыртына бара отырып, жолдардың жай-күйі туралы "Дармен"мобильді қосымшасынан білуге болады.
Көлікте жолға шыққанда әрқашан алғашқы көмек жинағы, кабель, зарядталған телефон болып, сіздің орналасқан жеріңіз және жақын адамдарыңызға жоспарланған қайту уақыты туралы хабарлау керек.
Төтенше жағдайда 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.