Өзбекстандықтар Джо Байденді сотқа берді

26 Ақпан, 09:48 1585

35 өзбекстандық АҚШ президенті Джо Байденді сотқа берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған олардың қамалуы себеп. Жауаптылар арасында президенттен бөлек ішкі қауіпсіздік департаментінің хатшысы Алехандро Майоркас, көші-қон және кедендік бақылау жөніндегі директордың міндетін атқарушы Патрик Лейкхейтнер және басқалары бар.

Өзбекстандықтар ұлты бойынша кемсітушілікке байланысты қамауға алуды заңсыз деп тануды, сондай-ақ адвокаттардың шығындарын өтеуді сұрайды.

Демалыс күндері біз сотқа жүгіндік, қазіргі уақытта ол қаралуда. Келесі кезеңде үкімет оны қабылдауы керек, сот оны жүйеге енгізді. Енді біз судья тағайындалады деп күтеміз, - деді адвокат Абадир Барре.

Сондай-ақ құжатта өзбекстандықтар талаптарға сай келмейтін тергеу изоляторларында отырғаны және олардың адвокатқа баруы шектелгені көрсетілген.

Ал жергілікті БАҚ бұл адамдардың АҚШ-қа жеткенше жүріп өткен жолы күдік тудырғанын жазуда. Себебі осы бағытты террористер жиі қолданады екен.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: