19.02.2024
07:30
3272
Өзбекстанда қарттыққа қадам басқан мыңдаған ақсақал сәбилі болды

Өзбекстанда қарттыққа қадам басқан мыңдаған ақсақал сәбилі болды

Өзбекстанда өткен жылы 60 және одан жоғары жаста балалы болған ер адамдардың саны белгілі болды. Бұл туралы елдің статистика агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ге сілтеме жасап. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Өзбекстанда бір жыл ішінде 60 және одан жоғары жастағы 819 ер адам балалы болған.

Сондай-ақ 50 және одан жоғары жаста некеге тұрғандар саны — 6 651.

Айта кетейік, Өзбекстанда 2023 жылы 962 мың нәресте дүниеге келген.