Өзбекстанда президент сайлауы 9 шілдеде өтеді

9 Мамыр 2023, 10:48 1567

Өзбекстан басшысының Жарлығымен кезектен тыс президент сайлауы 2023 жылдың 9 шілдесіне бекітілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кеше Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев мемлекет басшысының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы мәлімдеме жасаған болатын.

Сонымен қатар, ол жаңартылған Конституция Президентке, Парламентке, Үкіметке, министрлерге, әкімдерге шұғыл жаңа саяси, әлеуметтік және экономикалық міндеттер жүктейтінін алға тартқан. 

Біздің халқымыз бізден барлық салада аса маңызды және өзекті өзгерістер мен реформаларды күтіп отыр. Әлемде және өңірде өткір және күрделі процестер жүріп жатқан қазіргі жағдайда дамудың дұрыс және тиімді жолын іздеу және іске асыру ең өзекті және маңызды мәселе болып табылады, — деді Шавкат Мирзиеев.

6 мамырда Өзбестанда сайлау кодексіне президентті, заң шығару палатасының депутаттарын және Сенат мүшелерін мерзімінен бұрын сайлауға қатысты түзетулер енгізілген еді. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: